Дүниежүзі тарихы · 5-сынып · 2-тоқсан
Ежелгі Үндістандағы діндер
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен ежелгі Үндістандағы брахманизм, индуизм және буддизм туралы және олардың қоғамға әсерін айтуды үйренесің.
Түсіндірме
Ежелгі үнділердің қасиетті кітаптары – ведалар. Брахманизмде үш басты құдай болды: Брахма, Шива және Вишну. Индуизм реинкарнацияны мойындайды, яғни жан бір денеден екінші денеге көшеді. Адамның келесі өмірі оның істеріне байланысты, бұл заң – карма. Буддизмді Сиддхартха Гаутама негіздеді. Индуизм касталық жүйені қолдады.
Мысалдар
- Брахма – жаратушы, Шива – қиратушы, Вишну – қорғаушы.
- Буддизмде тілекті жеңген адам нирванаға жетеді.
- Ашока патша халықты біріктіру үшін буддизмді қабылдады.
Есте сақта!
- Индуизмде реинкарнация мен карма ұғымдары бар.
- Дін қоғамның өміріне және патшаның саясатына әсер етті.
Өзіңді тексер
- Реинкарнация дегеніміз не?
- Ашока буддизмді не үшін қабылдады?