Математика · 5-сынып · 3-тоқсан
Ондық бөлшектерді салыстыру
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен ондық бөлшектерді салыстыруды үйренесің.
Түсіндірме
- Бірінші тәсіл: координаталық сәуледе оң жақтағы сан үлкен.
- Екінші тәсіл: бөлшектерді жоғарғы разрядтан бастап разрядтары бойынша салыстырамыз.
- Алдымен бүтін бөліктерін салыстырамыз. Бүтін бөлігі үлкені үлкен.
- Бүтін бөліктері тең болса, ондық үлестерін, одан кейін жүздік, мыңдық үлестерін салыстырамыз.
- Қажет болса, соңына нөл жазып теңестіруге болады.
Мысалдар
- 2,75 < 3,14, себебі 2 < 3.
- 7,538 < 7,548, себебі жүздік үлестер: 3 < 4.
- 0,9 = 0,90 > 0,89.
Есте сақта!
- Салыстыруды жоғарғы разрядтан бастаймыз.
- Ондық бөлшектің ұзындығына қарап салыстырма.
Өзіңді тексер
- 3,48 және 3,5 сандарын салыстыр.
- 7,215 және 7,25 сандарын салыстыр.
- 5,73 және 5,69 сандарын салыстыр.