Қазақстан тарихы · 5-сынып · 3-тоқсан
Берел олжалары және аң стилі
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен Берел қорымының олжалары арқылы сақтардың қолданбалы өнерін сипаттауды үйренесің.
Түсіндірме
- Берел қорымы Шығыс Қазақстанда, Бұқтырма өзенінің оң жағалауында орналасқан. Онда 72 оба бар.
- Қабір тоң басқандықтан киім, тері, ағаш бұйымдар шірімей сақталған. Патшамен бірге 13 жылқы жерленген.
- Сақтардың бұйымдары аң стилінде жасалған. Бұл стильдің үш кезеңі бар: көне, гүлденген, құлдырау.
- Ою-өрнектің геометриялық, өсімдік тектес, жануар тектес, рәміздік түрлері болған.
- Берел жәдігерлері сақтардың талантты шебер болғанын көрсетеді.
Мысалдар
- Көне кезеңде аң қозғалмай тік тұрады.
- Гүлденген кезеңде аңдар қимылда, шайқаста бейнеленеді.
- Құлдырау кезеңінде аң ою-өрнекке ауысады.
Есте сақта!
- Берел — Шығыс Қазақстанда.
- Аң стилі діни түсінікпен байланысты.
Өзіңді тексер
- Берел қорымында қанша оба бар?
- Аң стилі қандай үш кезеңге бөлінеді?