Жаратылыстану · 5-сынып · 2-тоқсан
Қоспаны бөлу әдістері
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Қоспаның түрлерін сипаттап, оны бөлудің қолайлы әдісін таңдауды үйренесің.
Түсіндірме
Біркелкі қоспада зат бөлшектері микроскоппен де көрінбейді, мысалы, қант пен су. Біркелкі емес қоспада бөлшектер көзбен немесе микроскоппен көрінеді, мысалы, су мен құм. Қоспаны бөлудің мынадай әдістері бар:
- тұндыру — заттардың тығыздығы әртүрлі болғанда;
- елеу — бөлшектердің көлемі әртүрлі болғанда;
- сүзу — қатты бөлшектерді сұйықтан ажыратқанда;
- буландыру — сұйық бөлігін қыздырып шығарғанда;
- магнитпен бөлу — қоспада темір болғанда;
- мұздату — заттардың қату температурасы әртүрлі болғанда.
Мысалдар
- Су мен құмды сүзу арқылы бөлеміз.
- Су мен тұзды буландыру арқылы бөлеміз.
- Темір үгіндісі мен құмды магнитпен бөлеміз.
Есте сақта!
- Әдісті қоспадағы заттардың қасиетіне қарап таңдаймыз.
- Тұзды суды сүзгімен бөлуге болмайды.
- Магнит темірді тартады, ал күкіртті тартпайды.
Өзіңді тексер
- Тұндыру қандай қасиетке негізделген?
- Су мен тұз қоспасын қалай бөлеміз?
- Елеу қандай қасиетке негізделген?