Қазақ тілі және әдебиеті · 5-класс · 2-тоқсан
Кілт сөздер арқылы тақырыпты болжау
Чтобы пройти тест, нужно войти или зарегистрироваться.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен кілт сөздерге қарап, мәтін не туралы екенін болжауды үйренесің.
Түсіндірме
Мәтінді оқымас бұрын кілт сөздерді оқы. Сөздерді салыстырып, мәтіннің тақырыбын болжа. Сөз көмектеспесе, суретке және атауға қара. Соңында болжамды мәтінмен тексер.
Мысалдар
- Тамшы, тіршілік көзі, маңызы — судың маңызы туралы.
- Дүниеге келу, жинақ — жазушының өмірбаяны туралы.
- Әлдилеу, жырлау, ел анасы — өзен туралы өлең.
Есте сақта!
- Кілт сөздер тақырыпты болжауға көмектеседі.
- Болжамды мәтінмен тексеру керек.
- Кілт сөз жетпесе, суретке қара.
Өзіңді тексер
- «Мен сұйықпын да, мұзбын да, тамшысымын жаңбырдың» жұмбағының жауабы не?
- «Дүниеге келу, жинақ» сөздері қандай мәтін туралы?
- Болжамды қалай тексереміз?