Қазақ тілі және әдебиеті · 5-класс · 2-тоқсан
Сұрақ пен жауап
Чтобы пройти тест, нужно войти или зарегистрироваться.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен сұрақты дұрыс түсінесің. Сұраққа толық жауап беріп, диалогқа қатысасың.
Түсіндірме
- Сұрақты соңына дейін тыңда.
- Сұрау сөзі жауапты көрсетеді.
- «Не үшін?» деген сұраққа мақсатты айтасың.
- «Не себепті?» деген сұраққа «себебі» деп жауап бересің.
- «Қай жылы?» деген сұраққа жылды айтасың.
- «Ма, ме, ба, бе, па, пе» бар сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересің.
Мысалдар
- — Сен суды көп ішесің бе? — Иә, көп ішемін.
- — Не себепті олай ойлайсың? — Себебі сусыз өмір жоқ.
- — Ол қай жерде туған? — Ол Қызылорда қаласында туған.
Есте сақта!
- Жауап сұраққа сай болады.
- «Иә» немесе «жоқ» сөзінен кейін қысқа сөйлем қос.
Өзіңді тексер
- «Қай жылы?» деген сұраққа не айтасың?
- «Не себепті?» деген сұраққа қалай жауап бересің?