Математика · 6-сынып · 4-тоқсан
Тура пропорционалдықтың графигі
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен тура пропорционалдықтың формуласын біліп, оның графигін салуды үйренесің.
Түсіндірме
- y = kx формуласымен берілген тәуелділік тура пропорционалдық деп аталады. Мұндағы x — тәуелсіз айнымалы, y — тәуелді айнымалы.
- Графигі — координаталар басы O(0; 0) арқылы өтетін түзу.
- k > 0 болса, график I және III ширектерде жатады.
- k < 0 болса, график II және IV ширектерде жатады.
- Нүкте графикте жата ма, соны тексеру үшін оның координаталарын формулаға қоямыз.
Мысалдар
- y = 2x үшін x = –4, –3, –2, –1 болғанда y = –8, –6, –4, –2.
- y = 0,8x үшін A(5; 4): 0,8 · 5 = 4, сондықтан A графикте жатады.
- B(2; 5) үшін 0,8 · 2 = 1,6, ал 1,6 саны 5-ке тең емес. B графикте жатпайды.
Есте сақта!
- График әрқашан O(0; 0) нүктесі арқылы өтеді.
- k таңбасы графиктің қай ширектерде жатқанын көрсетеді.
Өзіңді тексер
- y = –x графигі қай ширектерде жатады?
- y = 0,5x формуласында x = 4 болса, y неге тең?