Қазақстан тарихы · 6-сынып · 1-тоқсан
Көне түркі жазуы
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен көне түркі жазуының маңызын түсіндіресің.
Түсіндірме
Қазақтардың ата-бабалары қолданған ежелгі жазу Орхон-Енисей, яғни көне түркі руна жазуы деп аталады. Жазу әкімшілік және дипломатиялық істерге қажет болды. 1893 жылы дат ғалымы В. Томсен жазудың құпиясын ашты. Жазулар құлпытастарда, теңгелерде, ыдыстарда, қағазда кездеседі.
Мысалдар
- Көне түркі жазба деректері 582 жылы орнатылған Бұғыты құлпытасынан басталады.
- Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк құлпытастары ерекше құнды.
- Йоллығ-тегін – өз атымен аталған алғашқы түркі автор.
Есте сақта!
- Жазулар қағанат тарихын зерттейтін аса құнды дерек.
- Томсен жазудың құпиясын 1893 жылы ашты.
Өзіңді тексер
- Көне түркі жазуы қалай аталады?
- Жазудың құпиясын кім ашты?