Қазақстан тарихы · 6-сынып · 2-тоқсан
Ортағасырлық сәулет өнері
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен ортағасырлық ескерткіштердің ерекшеліктерін және құрылыс материалдарын түсіндіресің.
Түсіндірме
X–XIII ғасырларда құрылыста күйдірілген кірпіш, ағаш, гипс, алебастр кеңінен қолданылды. Қабырғаны терракотамен және бедерлі кірпіштермен әрледі. Терракота – күйдірілген балшықтан жасалған тақтайшалар. Қалаларда суқұбыры мен моншалар салынды. Мешіт пен медресе қала құрылысында жаңа үлгіге айналды.
Мысалдар
- Бабажа хатун кесенесі Тараз маңында, күйдірілген кірпіштен салынған.
- Айша бибі кесенесі күмбезді төртбұрышты құрылыс, сырты өрнекті терракота қалақшалармен қапталған.
- Жошы хан кесенесі Кеңгір бойында тұр.
Есте сақта!
- Негізгі материал – күйдірілген кірпіш.
- Кесенелер терракотамен және өрнекпен әшекейленді.
Өзіңді тексер
- Терракота дегеніміз не?
- Айша бибі кесенесінің ерекшелігі қандай?