DAMOO

Дүниежүзі тарихы · 5-сынып · 1-тоқсан

Алғашқы бірлестіктер: тобыр, ру, тайпа

Тестті бастау

Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.

Конспект

Бүгін не үйренеміз?

Бүгін сен ежелгі адамдардың неге топтасып өмір сүргенін және рулық қауым мен тайпаның айырмашылығын білесің.

Түсіндірме

Ежелгі адамның өмірі тіршілік үшін күреспен өтті. Сондықтан ол топтасып өмір сүруге үйренді. Алғашқы бірлестік – адамдар тобыры. Бірлесіп еңбек ету үшін отбасылар рулық қауымға бірікті. Қауымды ақсақал басқарды. Бірнеше рулық қауым тайпаны құрады. Тайпаға ақсақалдар кеңесі басшылық етті.

Мысалдар

  1. Ақсақал бірлескен жұмыста тәртіпті сақтады және егінді бөлуді қадағалады.
  2. Тайпа мүшелері арасында дау шықса, оны ақсақалдар кеңесі шешті.
  3. Тайпадағы ең ауыр жаза – тайпадан қуылу.

Есте сақта!

  • Рулық қауымда да, тайпада да адамдар бірге тіршілік етеді, басшысы бар, тәртіп сақталады.
  • Қауымды бір ақсақал, тайпаны ақсақалдар кеңесі басқарады.

Өзіңді тексер

  1. Тайпа неден құралады?
  2. Тайпадағы ең ауыр жаза қандай?