Дүниежүзі тарихы · 5-сынып · 1-тоқсан
Алғашқы қауымдық өнер
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Бүгін сен алғашқы қауымдық өнер деген не екенін және оның мысалдарын білесің.
Түсіндірме
Алғашқы қауымдық өнер – тас дәуірі адамдарының өнері. Ол үңгір қабырғаларындағы суреттер мен тас мүсіндер түрінде сақталған. Бұл өнер кейінгі палеолит дәуірінде қалыптасты. Жартасқа қашалған не бояумен салынған белгілер мен бейнелерді петроглифтер деп атайды.
Мысалдар
- Франциядағы Ласко үңгірінің қабырғасында 2 мыңнан аса сурет бар.
- Испаниядағы Альтамира үңгірін 1879 жылы археолог Саутуола мен оның қызы Мария тапты.
- Мамонт сүйегінен жасалған әйел мүсіншелерін ғалымдар анаға табынушылықпен байланыстырады.
Есте сақта!
- Алғашқы қауымдық өнер – тас дәуірі адамдарының өнері.
- Суреттер ежелгі адамның тұрмысын білуге көмектеседі.
Өзіңді тексер
- Петроглифтер деген не?
- Альтамира үңгірін кім тапты?