Дүниежүзі тарихы · 5-сынып · 1-тоқсан
Ежелгі дүние өнері: Месопотамия
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Бүгін сен шумерлердің жазуы, әдебиеті және сәулеті туралы білесің.
Түсіндірме
Шумерлер Месопотамияның оңтүстігінде тұрды. Алғашында бірнеше сурет бір сөзді білдірді, оны пиктограмма дейді. Суреттерді сазбалшық тақтайшаға таяқшамен ойды. Сондықтан әріптер сына тәрізді болды, ал жазу сына жазуы аталды. Адам қолымен жасалған, тарихи дерек болатын затты артефакт деп атайды.
Мысалдар
- «Гильгамеш туралы дастан» – Ниневиядағы патша кітапханасынан табылған эпостық поэма.
- Цилиндр тәріздес мөр затқа меншік құқығын растады.
- Ур қаласындағы зиккурат – баспалдақ тәріздес, үш қабатты мұнара.
Есте сақта!
- Сына жазуы – сазбалшыққа ойылған сына тәрізді таңбалар.
- Тақтайшалар мен мөрлер – артефактілер.
Өзіңді тексер
- Пиктограмма деген не?
- Зиккурат қандай құрылыс?