Математика · 5-сынып · 3-тоқсан
Бөлшектермен мәтінді есептер
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен бөлшектерге амалдар қолданып, мәтінді есептерді шығаруды үйренесің.
Түсіндірме
- Алдымен шартты оқып, белгілі және белгісіз шамаларды бөліп аласың.
- «Есе артық (кем)», «бөлігі», «артық (кем)» сөздеріне қарап амалды таңдайсың.
- Бөлшектерді бір түрге келтіресің: не жай бөлшек, не ондық бөлшек.
- Соңында жауабын шартқа қойып тексересің.
- Ағыспен жүзген катердің жылдамдығы — меншікті жылдамдық пен ағыс жылдамдығының қосындысы.
Мысалдар
- 4 2/5 + 3 1/4 = 7 13/20 (т).
- Тік төртбұрыштың периметрі 16,6 см, ұзындығы 4,5 см. Ені: 16,6 : 2 − 4,5 = 3,8 см. Ауданы: 4,5 · 3,8 = 17,1 см².
- Маусымның 0,2-сі жауынды, 0,5-і ашық, қалған 9 күн бұлтты. Қалғаны 1 − 0,7 = 0,3, сондықтан 9 : 0,3 = 30 күн.
Есте сақта!
- Бөлшектерді бір түрге келтіріп алып есепте.
- Жауабын әрқашан шартқа қойып тексер.
Өзіңді тексер
- Ағыспен жүзген катердің жылдамдығы 23 км/сағ, ағыстың жылдамдығы 2,5 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығын тап.
- Маусымның 0,2-сі жауынды, 0,5-і ашық болды. Қалған күндер маусымның қандай бөлігі?