Жаратылыстану · 5-сынып · 4-тоқсан
Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен адамдардың өмірін өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысал келтіре аласың.
Түсіндірме
Көп жаңалық қарапайым идеядан басталады. Маңызды жаңалық бір мәселені шешіп қана қоймайды, жаңа идеяларға да жол ашады. Мысалы, дөңгелек пен бу қозғалтқышы көлікті дамытты. Электр шамы түнде де жарық берді. Телеграф, телефон, радио және теледидар адамдарды бір-бірімен байланыстырды. Микроскоп пен вакцина адамға ауру тудыратын микробтармен күресуге көмектесті. Вакцина індетті азайтып, қоғамға пайда әкеледі.
Мысалдар
- Дөңгелек шамамен б.з.д. 3000 жылы Месопотамияда пайда болды. Арбамен астық тасылған.
- Джеймс Уатт бу қозғалтқышын ашты.
- Математик Паскаль 1645 жылы есептеуге арналған алғашқы құрылғыны жасады.
Есте сақта!
- Әр жаңалық адамға немесе қоғамға пайда әкеледі.
- Бір жаңалық екіншісіне жол ашады.
Өзіңді тексер
- Дөңгелек қашан және қайда пайда болды?
- Бу қозғалтқышын кім ашты?
- Вакцина қоғамға қандай пайда береді?