Жаратылыстану · 6-сынып · 2-тоқсан
Бейтараптандыру
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен бейтараптандыру үдерісінің не екенін түсіндіруді үйренесің.
Түсіндірме
Бейтараптандыру – қышқылдар сілтілермен әрекеттесіп, бейтарап орта түзілетін үдеріс.
Мысалы, суға лимон шырынын құйсақ, әмбебап индикатор қышқылдық ортаны көрсетеді. Енді бір шымшым ас содасын қоссақ, орта өзгереді, индикатордың түсі де өзгереді. Бұл – бейтараптандыру.
Ортаны мына ретпен бейтараптайды: алдымен индикатормен ортаны анықтайды, одан кейін қышқылға аздап сілтілік зат қосады, араластырады және қайта тексереді.
Мысалдар
- Қалақайдың түктерінде құмырсқа қышқылы бар, сондықтан ол күйдіреді. Ас содасы мен судан жасалған ботқаны жақсақ, ауырсыну бейтараптанады.
- Ас содасы – сілтілік зат. Лимон қышқылына сода қосқанда, қышқыл бейтараптанады.
- Содан тым көп қоссақ, ерітінді қайтадан сілтілік болады. Сондықтан индикатормен тексеру керек.
Есте сақта!
- Қышқыл мен сілті әрекеттесіп, бейтарап орта түзеді.
- Қышқылды бейтараптау үшін сілтілік зат қосады.
- Нәтижені әмбебап индикатормен тексер.
Өзіңді тексер
- Бейтараптандыру деген не?
- Қалақай күйдіргенде қандай қышқыл әсер етеді?
- Неге ас содасын қолданады?