DAMOO

Математика · 5-сынып · 1-тоқсан

Натурал сандар

Тестті бастау

Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.

Конспект

Бүгін не үйренеміз?

Бүгін натурал сандардың не екенін және олардың қандай ерекшеліктері барын білесің.

Түсіндірме

  • Санауда қолданылатын 1, 2, 3, 4, 5, … сандары натурал сандар деп аталады.
  • 0 саны санауда қолданылмайды, сондықтан нөл натурал сан емес.
  • Әрбір натурал саннан кейін одан 1-ге артық натурал сан бар. Сондықтан ең үлкен натурал сан болмайды.
  • Ең кіші натурал сан — 1.
  • Санның ең жоғарғы разрядына 0 цифры жазылмайды.

Мысалдар

  1. 35 749 = 30 000 + 5 000 + 700 + 40 + 9.
  2. Ең кіші төрт таңбалы сан — 1000, ең үлкен алты таңбалы сан — 999 999, ең үлкен жеті таңбалы сан — 9 999 999.
  3. 0, 1, 9 цифрларынан үш таңбалы сан жазсақ: 109, 190, 901, 910. Нөл бірінші орынға қойылмайды.

Есте сақта!

  • Нөл натурал сан емес.
  • Ең кіші натурал сан — 1, ең үлкені жоқ.

Өзіңді тексер

  1. 0 саны натурал сан бола ма?
  2. Ең үлкен жеті таңбалы натурал санды жаз.