Математика · 5-сынып · 1-тоқсан
Жұп және тақ сандар
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Бүгін санның жұп па, тақ па екенін тез анықтауды үйренесің.
Түсіндірме
- Жұп цифрлар: 0, 2, 4, 6, 8. Тақ цифрлар: 1, 3, 5, 7, 9.
- 2-ге бөлінетін сандар жұп сандар деп аталады.
- 2-ге бөлінбейтін сандар тақ сандар деп аталады.
- Санның жұп немесе тақ екенін оның соңғы цифрына қарап анықтайды. Басқа цифрлардың маңызы жоқ.
Мысалдар
- 6, 14, 28, 310, 972 — жұп сандар.
- 7, 19, 33, 411, 915 — тақ сандар.
- 10 895 саны 5-ке бөлінеді, бірақ ол тақ сан, өйткені соңғы цифры 5.
Есте сақта!
- Соңғы цифры жұп болса, сан жұп.
- Соңғы цифры тақ болса, сан тақ.
Өзіңді тексер
- 5 632 саны жұп па, тақ па?
- 653 саны жұп па, тақ па? Неге?