DAMOO

Жаратылыстану · 5-сынып · 3-тоқсан

Тірі ағзалардың ортақ қасиеттері

Тестті бастау

Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.

Конспект

Бүгін не үйренеміз?

Сен тірі организмдердің ортақ қасиеттерін атап, жансыз денелерден ажырата аласың.

Түсіндірме

Жанды табиғат денелерін организм деп атайды. Аққайың, құс, піл, балық, адам – бәрі организм. Олардың пішіні мен көлемі әртүрлі, бірақ бәрінің ортақ қасиеттері бар.

  • Тыныс алады және қоректенеді.
  • Өседі: көлемі мен массасы үлкейеді.
  • Дамиды: құрылысы өзгереді. Тышқан түксіз туады, кейін түгі мен тістері пайда болады.
  • Көбейеді: өзіне ұқсас организм туғызады.
  • Тітіркенеді: ортадағы өзгерісті сезеді.
  • Қартаяды және өледі.

Мысалдар

  1. Қасқырдан бөлтірік туады. Бұл – көбею.
  2. Үй гүлі терезеге қарай иіледі. Бұл – тітіркенгіштік.
  3. Автомобиль жанармай жағады, бірақ өспейді және көбеймейді. Ол – жансыз дене.
  4. Сүңгімұз да өспейді, көбеймейді. Ол – жансыз дене.

Есте сақта!

  • Өсімдік те – тірі организм.
  • Сүңгімұз – тірі организм емес.
  • Өсу – көлем мен массаның ұлғаюы, даму – құрылыстағы өзгеріс.

Өзіңді тексер

  1. Организм деген не?
  2. Тірі организмнің қандай қасиеттерін атай аласың?
  3. Сүңгімұз тірі организм бе?