Қазақ әдебиеті · 6-сынып · 2-тоқсан
Абай және біздің заман
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен Абай ойларын бүгінгі өмірмен салыстырып, өз бағаңды беруді үйренесің.
Түсіндірме
- Абай шығармаларында замана шындығы, алауыздық пен татулық, өнер мен білімге құштарлық сияқты мәселелер көтеріледі.
- Сондықтан Абай ойлары бүгінгі оқырманға да жақын.
- Салыстыру жоспары үш қадамнан тұрады: Абай заманындағы мәселе, бүгінгі ұқсас жағдай, өз бағаң.
Мысалдар
- «Біз де білеміз деп таласамыз» деген ойды әлеуметтік желіде білмей тұрып таласумен салыстыруға болады.
- Бала мен ержеткен адам: баланың «бұл не?» деп сұрауын бүгінгі оқушының мектептегі ізденісімен салыстыруға болады.
- Ұялы телефонды және ойындарды шектен тыс пайдалану – бүгінгі жастарға қатысты сұрақ.
Есте сақта!
- Абай ойлары көне емес, оларды өз өміріңмен салыстыруға болады.
- Бүгінгі жағдайды Абай ойымен байланыстыр да, өз бағаңды бер.
Өзіңді тексер
- Абайды неге заманауи дейміз?
- Салыстыру жоспарының үш қадамын ата.