Математика · 5-сынып · 1-тоқсан
Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратуды үйренесің.
Түсіндірме
Бөлшектің алымы мен бөлімін салыстыр. Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Дұрыс бөлшек әрқашан 1-ден кіші. Алымы бөліміне тең немесе одан үлкен бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе 1-ден үлкен. Бұрыс бөлшек қате емес, ол да дұрыс жазылған сан.
Мысалдар
- 2/3, 4/9, 7/8 — алымы бөлімінен кіші, сондықтан дұрыс бөлшектер.
- 11/6, 9/7, 36/35 — алымы бөлімінен үлкен, сондықтан бұрыс бөлшектер.
- 5/5 және 10/10 — алымы бөліміне тең, мәні 1. Олар да бұрыс бөлшектер.
Есте сақта!
- Алым бөлімнен кіші болса, бөлшек дұрыс.
- Алым бөлімге тең немесе одан үлкен болса, бөлшек бұрыс.
Өзіңді тексер
- 12/13, 13/13 және 14/13 бөлшектерінің қайсысы дұрыс бөлшек?
- 8/9, 9/9, 9/8 бөлшектерінің қайсысы 1-ге тең?