Жаратылыстану · 6-сынып · 3-тоқсан
Энергия көздері
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен энергия көздерін атап, жаңғырмалы және жаңғырмайтын көздерге бөле аласың.
Түсіндірме
Энергия – дененің жұмыс атқару қабілеті. Жердегі басты энергия көзі – Күн. Адамға ең қажет түрі – электр қуаты. Энергия көздері екі топқа бөлінеді. Жаңғырмайтын көздерді адам қайта жасай алмайды. Жаңғырмалы көздер қайта толықтырылады.
Мысалдар
- Таскөмір, мұнай, табиғи газ – жаңғырмайтын көздер.
- Күн, жел, су энергиясы – жаңғырмалы көздер.
- Жамбыл облысындағы «Бурное Солар-1» станциясы күн энергиясын пайдаланады. Оның қуаты – 50 МВт.
Есте сақта!
- Басты энергия көзі – Күн.
- Таскөмір – жаңғырмайтын көз.
- Күн мен жел – жаңғырмалы көздер.
Өзіңді тексер
- Жердегі басты энергия көзі қандай?
- Жаңғырмалы және жаңғырмайтын көздерге екі мысалдан келтір.