DAMOO

Жаратылыстану · 6-сынып · 3-тоқсан

Жасуша құрылысы

Тестті бастау

Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.

Конспект

Бүгін не үйренеміз?

Сен жасушаның негізгі бөліктерін атап, олардың міндетін айта аласың.

Түсіндірме

Жасуша – тірі ағзаның ең кішкентай құрылымдық бөлігі. Жасушалардың көбін құралсыз көзбен көру мүмкін емес. Жасушаны алғаш рет ағылшын ғалымы Роберт Гук микроскоппен көрді. Ол тығын кесіндісіндегі ұяшықтарды «cell» деп атады. Жасушаның құрылысын цитология ғылымы зерттейді.

Мысалдар

  1. Қабықша жасушаны қоршап, оның пішінін сақтайды.
  2. Цитоплазма – жасушаны толтырып тұрған түссіз, жабысқақ зат.
  3. Ядро – цитоплазмада орналасқан кішкентай тығыз дене. Пияз қабығына йод тамызсаң, ядро анық көрінеді.

Есте сақта!

  • Жасушаның үш негізгі бөлігі: қабықша, цитоплазма, ядро.
  • Жасуша сөлі вакуольде болады.
  • Жапырақ жасушасында жасыл пластид – хлоропласт бар.

Өзіңді тексер

  1. Жасушаны алғаш кім көрді?
  2. Жасушаның үш негізгі бөлігін ата.