Жаратылыстану · 6-сынып · 3-тоқсан
Қоректену типтері
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен ағзалардың қоректену тәсілдерін ажыратып, мысал келтіре аласың.
Түсіндірме
Қоректену – ағзаның тағам арқылы энергия мен зат алуы. Өсімдік жапырағында күн энергиясының көмегімен органикалық заттар түзіледі. Бұл үдерісті фотосинтез дейді. Мұндай ағзаларды автотрофтар деп атайды. Ал дайын органикалық заттармен қоректенетіндер – гетеротрофтар. Олар өсімдікқоректілер, жыртқыштар, сапрофиттер және паразиттер болып бөлінеді.
Мысалдар
- Қоян – өсімдікқоректі, қасқыр – жыртқыш.
- Жауынқұрт пен зең шіріген қалдықпен қоректенеді. Олар – сапрофиттер.
- Бүрге басқа жануардың есебінен тіршілік етеді. Ол – паразит.
Есте сақта!
- Автотроф органикалық затты өзі түзеді.
- Гетеротроф дайын тағамды пайдаланады.
- Гетеротрофтар: өсімдікқоректілер, жыртқыштар, сапрофиттер, паразиттер.
Өзіңді тексер
- Фотосинтез дегеніміз не?
- Сапрофит пен паразиттің айырмашылығы неде?