Математика · 6-сынып · 3-тоқсан
Сызықтық теңдеуді шешу
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Сен бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді қадам-қадаммен шешуді үйренесің.
Түсіндірме
- Жақшаны аш.
- x бар мүшелерді сол жаққа, бос мүшелерді оң жаққа көшір. Көшірген мүшенің таңбасы өзгереді.
- Ұқсас мүшелерді біріктір.
- Екі жағын x-тің коэффициентіне бөл.
- Түбірді бастапқы теңдеуге қойып тексер.
Нәтиже ax = b түрінде шығады. a ≠ 0 болса, бір түбір бар. a = 0, b ≠ 0 болса, түбір жоқ. a = 0, b = 0 болса, кез келген сан түбір.
Мысалдар
- 8x − 9 = 3x + 8, сонда 5x = 17, x = 3,4.
- 7x + 3 = 7x + 5, сонда 0 · x = 2. Түбір жоқ.
- 13 − (2x − 5) = x − 3, сонда 18 − 2x = x − 3, 21 = 3x, x = 7.
Есте сақта!
- Көшіргенде таңба қарама-қарсыға өзгереді.
- Соңында түбірді тексеруді ұмытпа.
Өзіңді тексер
- 25 − 4x = 12 − 5x теңдеуін шеш.
- 13x + 27 = 16x + 4,5 теңдеуін шеш.