Жаратылыстану · 6-сынып · 3-тоқсан
Атмосфералық және артериялық қысымды өлшеу
Тест тапсыру үшін жүйеге кіру немесе тіркелу керек.
Конспект
Бүгін не үйренеміз?
Қысымды өлшейтін аспаптарды және оларды қалай пайдаланатынын үйренесің.
Түсіндірме
- Артериялық қысымды тонометр өлшейді. Атмосфералық қысымды барометр өлшейді.
- Механикалық тонометрде манжетті жүрек деңгейінде киеді. Манжетті ауа айдап үрлейді, содан кейін ауаны баяу шығарады.
- Тамыр соғысы естілген алғашқы сәттегі көрсеткіш – жоғарғы қысым.
- Тамыр соғысы естілуін тоқтатқан сәттегі көрсеткіш – төменгі қысым.
- Барометр үш түрлі болады: сынапты, анероид және электронды.
- Қалыпты атмосфералық қысым – 101,3 кПа.
Мысалдар
- Жоғарғы қысым жүрек жиырылғанда, төменгі қысым жүрек босаңсығанда байқалады.
- 11–12 жастағы бала үшін қалыпты қысым: жоғарғысы 110–124, төменгісі 70–82 мм сын. бағ.
Есте сақта!
- Артериялық қысымды өлшегенде қозғалмай, сөйлемей отыр.
- Тонометрмен тек ересектердің көмегімен өлше.
Өзіңді тексер
- Жоғарғы қысым қай сәтте есептеледі?
- Атмосфералық қысымды қандай аспап өлшейді?